Текст песни
Қызым менің –
Анасының ай, күні,
Қызым менің –
Әкесінің айбыны.
Әке деген бір сөзіңе садаға,
Дүниенің бақыты мен байлығы!
Шаттық сыйлап, өміріме
Сен келдің ғой, жарығым.
Сарқылмайтын көңіліме
Дем бердің ғой, жарығым.
Қуаныштан жарылуға шақ тұрып,
Мен өзіңді аялаймын шат күліп.
Анасының ай, күні,
Қызым менің –
Әкесінің айбыны.
Әке деген бір сөзіңе садаға,
Дүниенің бақыты мен байлығы!
Шаттық сыйлап, өміріме
Сен келдің ғой, жарығым.
Сарқылмайтын көңіліме
Дем бердің ғой, жарығым.
Қуаныштан жарылуға шақ тұрып,
Мен өзіңді аялаймын шат күліп.